Бүгін Тимирязев ауданының әкімі Жаров Е.К. 2026 жылғы мектеп түлектері – «Алтын белгі» иегерлері мен үздік аттестат алған түлектермен кездесу өткізді.
Кездесуге КММ «Мичурин орта мектебінің» түлектері Ананьева Вера мен Муратбек Әмина да қатысып, оқуын үздік аяқтап, ерекше үлгідегі аттестатқа ие болды.
Аудан әкімі түлектерді мектеп бітірулерімен құттықтап, олардың мақсаткерлігі мен еңбекқорлығын атап өтті. Сондай-ақ алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, өз мақсаттарына сенімді қадам басуларына тілектестік білдірді. Жетістіктері үшін түлектерге ақшалай сыйлықтар табысталды.
Оқушыларымыздың табанды еңбегі мен үздік оқуының аудан деңгейінде жоғары бағаланып, қолдау табуы – біз үшін үлкен қуаныш.
Вера мен Әминаны шын жүректен құттықтаймыз! Оларға сәттілік, өз күштеріне сенім, жоғары оқу орнына сәтті түсу және барлық жоспарларының орындалуын тілейміз!
Сегодня состоялась встреча акима Тимирязевского района Жарова Е.К. с выпускниками школ 2026 года - обладателями знака «Алтын белгі» и аттестатов с отличием.
В числе приглашённых были и выпускницы КГУ «Мичуринская средняя школа» Ананьева Вера и Муратбек Әмина, успешно завершившие обучение и получившие аттестаты особого образца.
Аким района поздравил выпускников с окончанием школы, отметил их целеустремлённость и трудолюбие, пожелал уверенно идти к намеченным целям и добиваться высоких результатов. В знак признания их успехов выпускницам были вручены денежные премии.
Особенно приятно, что старания и отличная учёба наших детей находят поддержку и высокую оценку на районном уровне.
Поздравляем Веру и Әмину и желаем им удачи, уверенности в своих силах, успешного поступления и воплощения всех намеченных планов в жизнь!





